386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Қытай басшысы Си Цзиньпиннің кітабы таныстырылды

  • 931
  • UPD: 15:59, 05.06.2017

Си Цзиньпиннің әлемде сұранысқа ие кітабы қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты.

Бүгін Астанада бұл туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Қытай Халық Республикасының Төрағасы жазған «Ел басқару жөнінде» деп аталатын еңбегінде көрші мемлекеттің басшылары жасаған реформалары, Күн асты елінің ішкі және сыртқы саясаты туралы айтылған. Сондай-ақ мұнда Си Цзиньпиннің сөйлеген сөздері, сұқбаттары, баяндамалары, оқыған дәрістері мен құттықтау хаттары жинақталған. Бұған дейін бұл кітап әлемнің 25 тіліне аударылды.

Чжан Ханьхой, ҚХР ҚР Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл туындыда Си Цзиньпиннің мемлекетті басқаруға қатысты айтқан нақыл сөздері жазылған. Қытайдың сыртқы саясаты туралы бүге-шүгесіне дейін баяндалған. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың да кітаптарын оқыдым. Қазақстан Президентінің еңбектерінде оның көрегендігін байқауға болады.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Бұл кітапта Қытайдың бүгінгі жүріп келе жатқан жолы туралы келешекте қандай бағытта дамитыны туралы жақсы ақпарат берілген. Себебі бүгінде Қытай әлем назарын өзіне баурап отыр. Қытайдың экономикалық даму бағыты, үлкен жетістіктері, Қытайдың сыртқы саясатта белсенді болуы бүгінде әлем назарын өзіне аударып отыр. Сондықтан меніңше бұл кітап оқырмандар үшін қызықты болады.

Хабар 24 телеарнасы