Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстікқазақстандық бағбан жаңғақтың ерекше сұрпын өсіріп жүр

  • 1059
  • UPD: 10:00, 11.06.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жаңғақ өсіру ісі дамып келеді.

Қазір өңірде арнайы жаңғақ өсіру аймағын құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Танабай Шынтасовтың жаңғаққа деген қызығушылығы осыдан 15 жыл бұрын басталады. Сол уақытта оның тұқымбағында алғашқы жаңғақ ағашы пайда болады. Алайда бағбан жақында ғана тұқымның ерекше сортын баптап, өсіріп жүргенін біледі. Бұны оған ресейлік ғалымдар анықтап беріпті.

Танабай Шынтасов, тұқымбақ иесі:

– Бізге келген ғалымдар жаңғақ ағашының тектік қорының жақсы екенін көрсетіп берді. Бұл – қазақстандық генофонд. Енді оның тұқымын көбейтуіміз керек.

Евгений Васин, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (РФ):

Жаңғақ шаруашылығының келешегі зор. Ең бастысы олардың түрлерін дұрыс таңдай білу керек. Біз осы жұмысты бірлесіп қолға алмақшымыз.

Жақында Сарыағаш ауданы бойынша жаңғақ алқаптары пайда бола бастады. Қазірдің өзінде қолайлы жер таңдалып, көшеттер де отырғызылған. Бағбандар болса жеміс ағаштарын ерекше күтімге алған. Қазір тұқымбақта жаңғақ тектес өзге де өсімдік түрлері бар. Олардың көпшілігі әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы жеткізіліпті.

Танабай Шынтасов, тұқымбақ иесі:

– Бұл көшеттер Ресей, Иран, Түркия, Қытай, Молдова елдерінен әкелінген. Олардың әрқайсысынан 1-2 данадан әкеп отырғыздық. Бұл жерде коллекциялық бақ болатынына сенемін. Жаңғақтарды біз будандастыратын боламыз.

«Бұл үлкен істің бастамасы ғана», – дейді Танабай Шынтасов. Оның командасы жаңғақ шаруашылығын тек оңтүстікте ғана емес, еліміздің солтүстік өңірлерінде де қолға алмақ. Өйткені өсімдіктің қатты аязға төзімді келетін сұрыптары да бар екен.

Осылайша оңтүстіктің бағбандары келешекте жаңғақтың алуан түрлерін де өсіре бастаймыз деп отыр. Қазір жемістің тарихын зерттеп жатыр. Бұл өнімнің сапасын арттыру үшін қажет.

Авторлары: Мейрамгүл Құспан, Катерина Попкова, Ерболат Әбішов

Хабар 24 телеарнасы