384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Исекешев финляндиялық шенеуніктермен кездесті

  • 427
  • UPD: 21:09, 19.06.2017

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев Финляндияның ішкі сауда және даму министрі Кай Мюккяненмен және Оулу қаласының мэрі Пяйви Лааяламен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар Астананың және Оулудің smart city жобаларын таныстырды. 2013 жылы қос шаһардың әріптестік жөніндегі келісім жасау рәсімі жоғары деңгейде өткен болатын.

Елорда әкімі Әсет Исекешев ЭКСПО көрмесіндегі финдардың павильонына жоғары бағасын берді. «Финляндия өзінің инновациялық дамуымен белгілі және технологиялық жаңғыру кезеңі алдында тұрған Қазақстан үшін екіжақты қарым-қатынас маңызды», – деді.

Шараға бас қаланың бизнес қауымдастығы өкілдері қатысты. Финдік жетекші компаниялар қазақстандық нарыққа қандай қызметтер ұсыну керектігі жөнінде пікір алмасты.

Хабар 24 телеарнасы