388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында түзету мекемелеріне сенім телефондары қойылды

  • 560
  • UPD: 10:33, 13.08.2017

Ақмола облысының прокурорлары сотталғандардың құқығын қорғау мақсатында тың жобаларды қолға ала бастады.

Солардың бірі «сенім телефоны». Бұл телефондар қазір аймақтағы екі ауданның түзету мекемелеріне орнатылды. Ондағы мақсат түзету мекемесі қызметкерлері тарапынан сотталғандарға жәбір көрсетілуін болдырмау. «Сенім телефонын» кез келген жазасын өтеуші қолдана алады. Оларға тіпті нөмір теріп те қажеті жоқ. Тұтқаны көтерсе болғаны, қоңырау жергілікті прокурорға түседі. Жалпы қазір Ақмола облысындағы 7 түзету мекемесінде 3,5 мыңға жуық қылмыскер жазасын өтеп жатыр.

Ибрагим Клёнов, облыс прокурорының көмекшісі :

- Түзету мекемелерінде бейнебақылау камерасы жоқ қараңғы жерлер болады. Біз сенім телефондарын сондай бұрыштарға қойдық. Қазірдің өзінде 4 сотталушыдан қоңырау келіп түсті. Олардың мәселелері бойынша жергілікті прокурорлар түзету мекемелеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы