386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласының дамуына 10,4 млрд теңге қосымша қаржы бөлінеді

  • 491
  • UPD: 13:31, 15.08.2017

Биыл Алматы қаласының дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктеріне 10,4 млрд теңге қосымша қаржы жұмсалады.

Бұл қаражат коммуналдық меншіктегі бірқатар нысанды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түскен. Осылайша қала мәслихаты үнемделген ақшаның қайда жұмсалатынын нақтылады. Шаһар басшылығы алдымен мектептерді кеңейтіп, ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыруды қолға алуды жоспарлаған. Сондай-ақ оқулықтар сатып алу, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құралдар алу да басты назарда. Ал медициналық қызмет сапасын жақсартуға 1 млрд теңге жұмсалатын болды.

Мақсат Қиқымов, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы:

– Білім беру саласына 860 бала үшін 123 млн теңге бөлу қарастырылды. Сыныптардағы бала саны артуына байланысты №192 мектеп пен №138 гимназия жанына 600 орындық қосымша нысан салу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы