389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Авиация саласында қауіпсіздік ережесін бұзғандардың лицензиясы жойылады

  • 554
  • UPD: 20:44, 16.08.2017

Әуе тасымалымен айналысушыларға қатысты талап күшейгенін бүгін Азаматтық авиация комитетінің өкілдері хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері елімізде 3 әуе апаты тіркеліп, 5 адам қаза тапқан. 27 шілде күні Алматы облысында болған оқиғаға ұшқыш кінәлі деп танылды. Ол басқарған ұшақ зиянкестерден қорғау үшін жүгері алқаптарын өңдеуге тартылған. Бортта тағы бір жолаушы болыпты. Апаттың себебін анықтаған мамандар салмақтың шамадан тыс болғанын айтады. Ақпан айында да байланысқа шықпай қалған «Стрекоза» ұшағы Шығыс Қазақстан облысында күл талқаны шықты. Авиация комитетінің өкілдері көптеген компанияның әлі күнге дейін «ДжиПиЭс» жүйесімен жабдықталмағанын айтады. Ал осыдан бір апта бұрын оқу-жаттығу кезінде «Технам 2002» ұшағы құлады. Ұшқыш пен курсант сол жерде жан тапсырды.

Тоты Әмірова, ҚР ИДМ ААК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

– Түрлі авиакомпаниялардың өкілдері мен олардың жетекшілері өздеріне тиісілі борттың 1 сағатқа жуық уақыт аралығында қайда екенін айта алмаған кездері де болды. Бәлкім тәжірибелі компаниялар өз білімдерімен бөлісіп, тиісті ақпаратпен алмасар. Өкінішке орай мүлде жүгенсіз кеткен компаниялардың бар екенін көз көріп жүр.

Хабар 24 телеарнасы