Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҚК құрамасы «АрМИ-2017» ойындарында өте жақсы өнер көрсетті

  • 486
  • UPD: 23:02, 25.08.2017
ҚР ҚК құрамасы «АрМИ-2017» ойындарында өте жақсы өнер көрсетті

Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы «АрМИ-2017» халықаралық әскери ойындарда өте жақсы өнер көрсетті.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары Әмір Халиков мәлімдеді. 29 елден 150 команда қатысқан сайыста әскерилеріміз 3 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль ұтып алып, жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді. Сарбаздарымыз Ресей мен Қытайға есе жіберіп алған. Ал өткен жылдары «Достастық жауынгері» байқауында чемпион болған Орынбек Сәндібеков пен «Мергендер шебі» сайысында «Үздік мерген» атанған Нұрсұлтан Бақтыораз атақтарын қорғап шығып, ел абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Әмір Халиков, ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары:

– Әскери сайыс ойындарының географиясы жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл 28 байқау болса, келесі жылы 30-дан астам сайыс өткізу жоспарда бар. Оның алтауы еліміздің аумағында өтуі мүмкін. Сондықтан доданы әскери олимпиада ойындары десек те болады.

Хабар 24 телеарнасы