384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық ғалымдар үй жануарларына арналған жаңа екпені шығарды

  • 455
  • UPD: 14:15, 20.09.2017

Қазір аталған екпе жан-жақты зерттеліп жатыр.

Ұлттық биотехнология орталығына қарасты Степногорск қаласындағы филиалдың мамандары бұл дәрілік препаратты ит және мысық секілді үй жануарларының құтыруына қарсы жасап отыр. Оны сондай-ақ жабайы жануарларға да егуге болады екен. Ал орталықтың осыған дейін төрт түлікке ойлап тапқан екпесі қазір нарыққа шығып үлгерді. Шаруалар оны тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария комитеті арқылы ала алады. Жалпы мұндай екпелер елімізде бұған дейін әзірленбеген.

Дархан Балпанов, Ұлттық биотехнология орталығы филиалының директоры:

– Ғылыми орталықтың бағыты жан-жақты. Мәселен, қазір біздегі ғалымдар 8 түрлі екпені жарыққа шығару жолында жұмыс жасап жатыр. Олардың үшеуі қазірдің өзінде нарыққа шығып үлгерді. Орталықта 160 маман жұмыс істейді. 10 шақты зертханамыз бар.

Хабар 24 телеарнасы