387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда теңіз жедел штабы құрылады

  • 467
  • UPD: 20:03, 29.09.2017

Елімізде теңіз жедел штабы құрылуы мүмкін. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бүгінгі отырысында осы мәселе қаралды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожиннің айтуынша, Қазақстанның теңізде бір де бір штабы жоқ. Ал, Каспий - кен орындарына бай. «Сондықтан ондағы қауіпсіздікті күшейткеніміз жөн», - дейді ол. Биылғы қарашада Парламент қарауына арнайы заң жобасы ұсынылмақ.

Дәулет Ерғожин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары: 

- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жолын қарастырғанымыз жөн. Заңнамалық тұрғыда теңізде лаңкестікке қарсы іс-шараларды жүргізу мүмкіншілігін бекіткіміз келеді. Ол үшін біз шекара қызметіне жергілікті жерлерде штаб құра отырып, лаңкестікке қарсы  әрекет етуіне құзірет бермекпіз. Бұл бастама «Лаңкестікке қарсы іс-қимыл туралы» заңымызға өзгертулер енгізуді көздейді.

Хабар 24 телеарнасы