389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада отандық ғарыш саласына инвестиция тарту мәселесі қаралады

  • 775
  • UPD: 20:22, 19.10.2017

Ғарыштық зерттеу нәтижелерін экономика саласында қолданудың тиімді жолдары қандай?!

Бүгін Астанада осы тақырыпты отандық және шетелдік ғалымдар өзара талқыға салып жатыр. Еліміздегі ғарыш күндеріне орайластырылған «Ғарышқа қазақстандық жол-2017» халықаралық форумына әлемнің 18 елінен 500-ге жуық мейман келді. Күнтізбе кестесі бойынша отандық ғарыш саласына инвестиция тарту және «Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған шара екі күнге жалғаспақ. Бүгін форумның ресми ашылуы мен пленарлық отырысында спикерлер өз баяндамаларын оқыса, ертең қатысушылар ынтымақтастық меморандумына қол қойып, шараны қорытындылайды.

Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын басталған дәстүрлі семинар қатысушылардың көбеюі нәтижесінде халықаралық форумға айналып отыр. Ал кезекті халықаралық форум келер жылы мамыр айында KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік 5-халықаралық көрмесі шеңберінде өткізіледі.      

Мейірбек Молдабеков, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі: 

- Біздің бағыт – экономикалық жағынан тиімді жобаларды іске асыру. Әзірге Айға немесе Марсқа ұшамыз деген жоспарларымыз жоқ. Біздің негізгі бағытымыз – ғарыш техникасын тек қана жасап, оны басқарумен айналыспай, соның экономика мәселелерін шешуге тиімділігін жоғарылату.

Хабар 24 телеарнасы