387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысының әрбір 4-ші тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысады

  • 510
  • UPD: 18:00, 20.10.2017

Атырау өңірінде жанармай тапшылығы жоқ.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта күніне 2,5 мың тонна бензин өндіріледі. Отынның бағасы да тұрақты. 1 литрі шамамен 151-158 теңге көлемінде.

Үкімет үйіндегі брифингте Нұрлан Ноғаев өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы да баяндады. Қазір облыстың әрбір 4-ші тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында едәуір өзгеріс бар. Жергілікті бизнес өкілдері мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын мүмкіндігінше пайдаланып, егіс алқаптарының көлемін 8 мың гектардан 25 мыңға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Сонымен қатар өңір басшысы билік пен тұрғындар арасындағы байланыстың да барынша нығайып келе жатқанын атап өтті.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Telegram, WhatsApp деген бағдарламалар бар. Компьютерге орналастыруға болады. 1 000-ға жуық адам жазылған. Қандай ұсыныстар, кемшіліктер енгіздіңіздер? Шұғыл түрде шешуге тырысамыз. Коммуналдық мәселелер, барлығын әріптестерімізге жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы