383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордай бақылау бекетіндегі жағдай қалай?

  • 524
  • UPD: 11:55, 21.10.2017

Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет жетекшілерінің келісіміне сәйкес шекараны кесіп өтудің басым тәртібі енгізілгелі бері екі тәулік өтті.

Екі елдің шекарасындағы ең ірі Қордай бақылау бекетіндегі жағдай қалай?

Ұлан Нарынбек, тілші:

– Қордай шекаралық бақылау бөлімі қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біздің байқағанымыз, таңертеңмен Қырғызстаннан Қазақстанға кіріп келе жатқан адамдардың кезегі мүлдем аз болады. Олар шекаралық бақылау бекетін санаулы минутта-ақ өтеді. Ал түске қарай және түстен кейін адам саны артады. Шекарашылардың айтуынша, бұл күнделікті көрініс. Бірақ ары-бері қатынайтын адамдар мен көліктердің саны әр күні әртүрлі. Мысалы шекараны кесіп өтудің басым тәртібі енгізілген алғашқы тәулікте Қордай учаскесі арқылы 16 мыңнан астам адам мен 2 мыңнан астам көлік өткен. Ал екінші тәулікте 11 мыңға жуық адам, 1300-ден астам көлік ары-бері қатынаған. Жалпы қазақ-қырғыз шекарасының Қордай учаскесі 245 шақырым болады. Бұл жерде 4 бақылау бекеті жұмыс істейді. Жоспарлы шекаралық операциа әлі жалғасуда. 

Хабар 24 телеарнасы