378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Польшаның серіктестік қатынасын бекітуде ЕХРО 2017 маңызды рөл атқарды

  • 489
  • UPD: 11:52, 03.11.2017

Халықарылық көрменің аясында екі елдің кәсіпкерлері келіссөздер жүргізіп, тиімді келісімшарттарға қол қойды.

Бұл туралы Польша ауыл шаруашылығын қолдау ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Лукаш Холубовский мәлімдеді. Іс-сапарын еске алған делегат ЕХРО көрмесінің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, елімізден алған жағымды әсерлерімен бөлісті.

Лукаш Холубовский, ауыл шаруашылығын қолдау орталығы төрағасының орынбасары:

– Маған Қазақстан қатты ұнады. Мен үшін Астана қаласы жаңа Дубай іспеттес. Бұл – ақпейілді адамдар тұратын заманауи қала. Қазақстан павильоны, яғни шар тәріздес кешен мені таң қалдырды. Бұл шара аясында көптеген бірлескен жобалардың бастау алғанын айта кеткім келеді. Біздің кәсіпкерлер Қазақстанмен ары қарай жұмыс істеу бағытында ет және сүтті өнімдерді өндіруге инвестиция салмақ ниетте. Польша Еуроодақ елдері ішінде ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда. Біз бұл ретте өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы