385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл қаласында латын әліпбиін үйрету орталығы ашылды

  • 880
  • UPD: 07:49, 12.11.2017

Сабақтар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тегін жүргізіледі.

Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Тәлімгерлер қазақ қаріптерін латын графикасы бойынша оқып, жазуды үйренеді. Орталықтың ашылу салтанатына орай ерекше көрме ұйымдастырылды. Онда латын әріптерімен жазылған 100-ден астам тарихи құжат қойылған. Олардың ең құндысы – 1938 жылы жарық көрген «Жамбыл» кітабы.

Жанат Мұхамеджанов, латын әліпбиін үйрету орталығының директоры:

- Бұл орталықта кез келген адамның латын әліпбиін үйренуге мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта үйде де отырып, онлайн режімінде оқыту мүмкіндігін қарастырамыз. Сабақтар аптасына 2 рет болады. Сұранысқа байланысты тағы да уақытын жиілете түсеміз.

Хабар 24 телеарнасы