371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем саясаткерлері Астана процесін ерекше бағалады

  • 328
  • UPD: 21:53, 14.11.2017

Қазақстан қарулы қақтығыстарды шешу жолында халықаралық аренада айрықша беделге ие.

Бұл туралы бүгін Астана клубының III отырысына қатысқан  әлемнің сақа саясаткерлері айтты. Мәртебелі меймандар еліміздің жетістіктерін жіпке тізе келе, Астана процесіне ерекше тоқталды. Тараптар бүгінде күллі әлем көз тігіп отырған Сириядағы сергелдеңді тұрақтандыру жолында еліміздің еңбегі ерен екенін айтты. «Бірегей келіссөздер алаңын ұсынған Қазақстан бүгінде күллі әлемге үлгі болып отыр», дейді мамандар. «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» деп айдар таққан жиын өте нәтижелі өтті», дейді саяси элита өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, шарапаты мол шараға жалпы 29 мемлекеттен 60-тан аса саясаткер мен сарапшылар қатысқан болатын.

Давид Чикваидзе, БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры аппаратының жетекшісі: 

– Астана клубының әлеуеті зор және оның жетістіктері жетіп артылады. Себебі дәл осы жиында жаһандағы өзекті де өткір мәселелер жан-жақты талқыланды. Осы орайда дүние жүзінде қарулы қақтығыстардың жиілеп, кейбір бейбіт елдерден береке қашып отырғанына куә болып отырмыз. Яғни Астана клубының бүгінде маңызы мен мазмұны зор.

Осы категория бойынша: « Енді әрбір қазақстандықтың электронды денсаулық паспорты болады Елімізде фаст-фуд тағамдары балалардың қант диабетіне шалдығуына себепкер болып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы