389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі велоспорттың даму деңгейі «Арман жолында» телехикаясында көрініс тапты

  • 924
  • UPD: 23:14, 15.11.2017

Отандық телехикаялар қатары тағы бір тың туындымен толықты. 

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Арман жолында» телехикаясы таяуда көрерменге жол тартпақ. Көркем туындыда еліміздегі велоспорттың дамуымен қатар, қоғамдағы әлеуметтік мәселелер де көтерілген.

Сценарий бойынша атасының қолында өскен ауыл баласының арманы велошабандоз болу. Алайда болашақ чепмионның мақсатына жету жолында әртүрлі кедергілер туындайды. Басты кейіпкер 17 жастағы Арманды  жас актер Жасұлан Көпберген ойнайды.

Баланың  шапшаңдығы  кездейсоқ кетіп бара жатқан жаттықтырушының назарына ілінеді. Анасының сырқаттанып қалғанын естіген Арман ауруханаға қарай жүйіткіп бара жатып, кәсіби велошабандоздардан озып кетеді. Дәл осы сәтте оның арманына жетуге жол ашылады.

Жасұлан Көпберген, актер:

– Рөл өзіме жақсы келді. Өзім сияқты ауылда өскен, арман қуып қалаға келген. Велосипед тебу қиын болды.

12 бөлімнен тұратын телехикая екі айда түсірілген. Қазір кадрлерді жинақтау  жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің мақсаты еліміздегі велоспорттың дамып келе жатқаны, оған қызығушы жастардың бар екенін көрсету. Мұнда жастар тәрбиесі және басқа әлеуметтік мәселелер де көрініс табады. 

Хабар 24 телеарнасы