388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде индустрияландыруға қатысты мыңнан астам жоба жүзеге асырылады

  • 958
  • UPD: 17:41, 23.11.2017

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия секторындағы 600-ден астам кәсіпорынның индустрия 4.0 элементтерін енгізуге байланысты әзірлігі зерттелді.

Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің 20 пайызы, ал тау-кен секторының 40 пайызы осы технологиямен жұмыс істеуге дайын екендігі анықталды. Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаевтың айтуынша, өндіріске цифрлы технологияны енгізу заман талабы. Қазақстан жаһандық үдерістен кейіндеп қалмауы тиіс. Технология жалпы ішкі өнімнің өсіміне ықпал етеді. Сонымен қатар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазір елімізде индустрияландыру 4.0 элементтері бар «14 ақылды жоба» өндіріске енгізілді. Бұл жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік береді. Өзге де өндіріс орындарында дайындық жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, индустрияландыруға қатысты мыңнан аса жоба жүзеге асырылып, 100 мыңнан артық тұрақты жұмыс орны ашылды.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

– Сарапшылардың айтуы бойынша, тек қана еңбек өнімділігі 10-20 пайызға артады. Цифрландыру, индустрияландыру 4.0 технологиясын енгізу үшін инвестициялар керек. Ал салған инвестицияның пайдасы одан артық болады. Сондықтан барлық мемлекеттер осыны қолға алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы