387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде оқушылар арасында шешендік өнер дәріптелді

  • 1079
  • UPD: 13:37, 26.11.2017

Тәуелсіздікжыр-әнім. Ақтөбеде осындай атаумен фестиваль өтіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Ақындық өнерге жақын балалар мүшайрада бақ сынады.

Олар туған жер, тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқыды. Фестиваль аясында өткен тағы бір байқау шешендік өнеріне арналды. Қатысушыларға жұмбақтап айтылған сөздердің, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіріп, астарын ашу сияқты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге би-шешендердің нақыл сөздерінен үзінді айтып, даулы мәселелерді шешу жолдарын іздеді. Ал «Көмейден жыр ағылсын..» атты жыршылар байқауында оқушылар қазақтың эпостық жырларын жатқа оқыды. 

Мағжан Датқа, шешендік өнер байқауының 1-ші орын  иегері:

Жарысқа қатысушылар негізінен жақсы дайындалып келген. Көптеген бірінші орын, бас жүлде алады деген қарсыластарым болды. «Шаян батыр» жырын оқыған болатын. Шаян батыр жыры авторлық жыр болғандықтан, жырлардан ерекшелігі авторы болды. Мұрат Мөңке ұлының «Қарасай Қази»  жырынан үзінді оқып, сол бойынша жазылған күйді орындап бердім.

Құралай Құлынтаева, шешендік өнер байқауының бас жүлде иегері:

– Бұл жарысқа екі апта бойы дайындалдық. Малайсары батырдың Сырым батырға келуі, Төле би, Қазыбек билердің шешендік сөздері, Төле бидің Әйтеке биді сынауы, көптілділік, энергетикалық сусындардың зияны туралы шешендік тілмен жеткіздік.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы