389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейліктер қоғамдық ұйымдар қызметін құруда Қазақстанның тәжірибесіне сүйенеді

  • 599
  • UPD: 18:32, 01.12.2017

Қазақстанның бейбітшілік және келісім үлгісі – Ресейге өнеге. Көрші елдің Мемлекеттік Думасының ұлттар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ильдар Гильмутдиновтың пікірі осындай.

Ресей депутаттары қоғамдық ұйымдардың қызметін құруда Қазақстанның тәжірибесіне сүйенеді. Ол Ресей халқы Ассамблеясы осылайша құрылғанын атап өтті. Депутаттың ойынша, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көреген саясаты еуразиялық кеңістіктегі ұлтаралық қатынастарға оң әсер етеді.

Ильдар Гильмутдинов, РФ Мемлекеттік Думасының ұлттар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:

- Біз Н.Назарбаевтың Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесін жақсы білеміз. Тұтастай алғанда еуразиялық кеңістікте ол осы тақырыпты көтерген және дамытқан адам. Сонымен қатар Еуразиялық кеңістікте бірігу қажеттілігі туралы үнемі айтатындардың бірі. Мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдармен де белсенді түрде өзара әрекеттесуіміз керек. Сізге тек жақсылық, бақыт пен денсаулық тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы