388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда қуаты 36 мың тонналық жем шығаратын зауыт іске қосылды

  • 1204
  • UPD: 21:51, 02.12.2017

Таразда Тұңғыш Президент күніне орай жылдық қуаты 36 мың тонналық жем шығаратын зауыт іске қосылды.

Өндіріс орны индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мал азығын дайындайтын кешен толықтай автоматтандырылған. Заманауи кәсіпорын германиялық технологиямен жұмыс істейді.

Жем шығаратын кешен индустрияландыру картасына енген. Жоба құны бір млрд теңгеден асады. Мұнда мал азығының 15 түрі шығарылады. Тәулігіне 480 тонна өнім дайындауға қауқарлы. Отандық тауарға шетелдік шаруашалар қызығушылық танытынып отыр. Қазір Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдерімен келісімшарт жасалған.

Мұхамед Үсенбаев, зауыт қызметкері:

- 20-30 пайызы экспортқа шығады. Қалған өнімдер осы мүмкін одан да көп. 40 пайыз экспортқа шығуы мүмкін. Сұраныс жасап жатқандар бар. Ауғанстаннан, Ираннан келіп жатыр.

Кәсіпорында 36 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Келер жылы жанынан құны 1 млрд 200 млн теңге болатын сұйық май шығаратын зауыт салу жоспарда бар.

Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімі:

- 2022-2025 жылдарға қарай Жамбыл облысы индустриалды-аграрлық өңірге ауысатын шығар. Себебі бірінші бес жылдықтың өзінде 43 жобаға 159 млрд теңге жұмсалып, 7 500 адамға жаңа жұмыс ашылды. Екінші бес жылдықтың өзінде 575 млрд-қа 34 жоба қосылады деп отырмыз. Осылардың барлығы іске қосылса, Жамбыл облысының экономикасы өсіп-өркендеуінің жағдайы мол болады деп отырмыз.

Жалпы облыста жыл соңына дейін 18 млрд теңгеге 10 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспар жүзеге асса, 1 500 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы