389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 277 білім ошағын робототехника кабинетімен жабдықтау жоспарланған

  • 755
  • UPD: 22:10, 10.12.2017

Шығыс Қазақстанда «Менің мектебім» акциясы аясында 277 білім ошағын робототехника кабинетімен жабдықтау жоспарланған.

Өңірде ұйымдастырылған «Туған жер» форумында кәсіпкерлер 2,5 млрд теңгеге жуық қаражат жинап, акцияның сәтті басталуына мұрындық болды. Игі бастама жалғасын тауып отыр. Соның арқасында Өскемендегі физика-математика лицейі бірегей жабдықтармен толықты.

Бұл оқушылардың көкжиегі кең, болашағы жарқын. Себебі олар еліміздегі үздік 20 мектептің бірінде білім алуда. Заман ағымына ілесіп келе жатқан білім ошағында шәкірттер жаңа технологияны игеріп, робототехника мен бағдарламалаудың қыр-сырына қаныққан. Енді олар: «Жасаған роботтарының өзекті мәселелерді шешуге ықпалы тисе», – дейді.

Вячеслав Трегуб, оқушы:

- Меніңше, робототехниканың маңызы зор.  Біздің де ауқымды дүниелер жасағымыз келеді. Әлемдік мәселелерді шешетін робот жасау арманым. Мысалы ол табиғат ластауын тоқтата алса, керемет емес пе?!

IT индустрияны дамытуға негізделген лицейдің тәжірибесі көпке үлгі. Сондықтан болар, Бақыршық кен байыту комбинатының өкілдері айтулы білім ошағына қолдау көрсетуге бекініпті. Осылайша, қосымша 2,5 млн теңге бөліп, мектепті жаңа кабинетпен жабдықтады.

Юрий Овчинников, «Бақыршық кен байыту кәсіпорнының» ЖШС директоры:

- Болашағымызға инвестиция құйып жатырмыз ғой. Еліміздің болашағы үшін. Өскелең ұрпақ заманға лайық білім алып, келешекте білікті маман болуы керек. Бұл біздің мекемеміз үшін де маңызды.

Кабинет 3Д принтер сынды заманауи жабдықтармен толыққан.

Гүлнәр Әбрайымова, лицей директорының орынбасары

- Осында қойылған құралдар жоғары сынып оқушыларына да сабаққа пайдалануына көп көмегін тигізеді. Балалардың білімін тереңдетіп, қызығушылығын арттыруға, қоршаған ортаға бейімделуіне осындай аспаптар қажет.

Бақыршық кәсіпорны облыстық «Менің мектебім» акциясына қатысып, 300 млн теңге бөлген болатын. Осылайша, болашақ ғалымдардың қалыптасуына ықпал етуде.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы