385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қоғамдық денсаулық сақтау саласында бақылау шаралары жеңілдейді

  • 521
  • UPD: 15:15, 11.12.2017

Бүгінгі күннің өзінде бизнеске қатысты кедергілерді жою мақсатында 30-ға жуық санитарлық ереже алынып тасталды.

Себебі бұрынғысы бүгінгі күн талабына сай келмейді. Сондықтан саланы либеризациялау жүріп жатыр.

Айта кетейік, енді супермаркеттегі азық-түлік өнімдері тұтынушыларда шағым түскенде ғана тексеріледі. Қазіргі таңда мұндай сауда орындары «қаупі жоғарыдан» «қаупі төмен» нысандар қатарына жатқызылды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп баспасөз мәслихатында айтты. Өзгерістердің  жұқпалы аурулар бойынша жұмысқа қатысы жоқ. Бұл саланы қадағалауда жеңілдік қарастырылмайды. Берік Шәріптің айтуынша, денсаулық сақтау саласын либеризациялау қажетсіз талаптар мен кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл жалпы халыққа, бизнес иелеріне ыңғайлы болуы үшін жасалып отыр.

Берік Шәріп, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары: 

- Санитарлық талап 1740-қа, 6,5 есеге қысқарды. Біз мүмкіндігінше  жаңа технологияларды енгізуге тырыстық. Ережеге толықтырулар енгізілді. Мәселен, бұрын гемодиализ бөлімшесі болған жоқ. Осыған орай санитарлық талаптар да болмаған. Сондықтан мұндай нысандарды ашу қиынға соғатын. Бұл пластикалық хирургия, косметологияға да қатысты. Біз оларға қойылатын талаптарды  ескеруге тырыстық.

Хабар 24 телеарнасы