389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда қаңыраған бос үйлер қайта жөнделеді

  • 909
  • UPD: 14:51, 03.01.2018

Қарағанды өңірінде 90-шы жылдары қаңырап бос қалған үйлер қайтадан қалпына келтіріле бастады.

Абай қаласында апатты жағдайда тұрған 60-қа жуық үй сүріліп, орнына жаңа баспана тұрғызылса, Саран қаласында 100-ден астам үй жөнделмек.

Абай қаласының қақ ортасындағы мына 5 қабатты үйдің бос тұрғанына 20 жылдан асыпты. Есік-терезелері мен еденін жұрт әлдеқашан тонап кеткен. Қабырғасының өзі құлағалы тұр. Маңайындағы жұрт балаларымыз жазым бола ма деп қауіптенеді.

Қайрат Смағұлов, Абай қаласының тұрғыны:

Балалар үшін қорқамыз. Үйі-күйі жоқ адамдар сонда болады, от жағады, сонда жатады. Жазғытұрым жас балалар соның ішінде ойнайды. Көп жерлерде бетонның арматуралары алынған, бәрі апатты жағдайда. Кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін, лестничный марштары бәрі.

Қазір шағын шаһарда дәл осындай апатты жағдайда тұрған 5 үй бар. Ал 51 үй 2-3 жыл бұрын сүріліпті. Оның орнына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 9 қабатты екі баспана тұрғызылған. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Келер жылдың басында мұнда 72 отбасы қоныс тойын тойламақ.

айтадан қалпына келтіруге болады. Бұл техникалық тексеріс жүргізген мамандардың пікірі. Ол үшін ең әуелі барлық баспананы мемлекет меншігіне өткізу керек. Олай етпеген жағдайда, ескі қожайындары табылып, сотқа беруі мүмкін.  Қазір екі үйдің құжаттары реттелді. 2018 жылы мұнда қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

Елдос Баймағанбетов, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– 2013-2015 жылға дейін біз 51 үйді құлатып, рекультивация жасадық. Енді қалған 5 үйді құлату бойынша ПСД жасап, облыстық басқармаға бердік.

Ал Саран қаласының РТИ ауданындағы бос тұрған 100-ге жуық үйді қайтадан қалпына келтіруге болады. Бұл техникалық тексеріс жүргізген мамандардың пікірі. Ол үшін ең әуелі барлық баспананы мемлекет меншігіне өткізу керек. Олай етпеген жағдайда, ескі қожайындары табылып, сотқа беруі мүмкін.  Қазір екі үйдің құжаттары реттелді. 2018 жылы мұнда қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. 

Бақытбек Ақбаров, Саран қалалық сәулет және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Меншік иелерінен қазір сот жүзінде мемлекеттің балансына енгізіліп жатыр. Заң жүзінде тазартылған соң, техникалық зерттеулер жүргізіледі. Соның нәтижесіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары қарастырылады. Келесі 2018 жылы екі үй қалпына келтіріледі. Солай-солай барлығының техникалық зерттеулері дайын болған соң, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл Саран қаласының бас жоспарында көрсетілген.

Ал бас жоспар 2040 жылға дейін жүзеге асуы тиіс. Егер бұл үйлер салынса, қаншама адам баспаналы болады. Осы қуанышты күткен отбасылар саны 1600-ден асады. Мамандардың айтуынша, жаңасын салғаннан гөрі, бос үйді жөндеу анағұрлым арзанға түседі екен. «Мәселен, мұндай пәтерлердің өзіндік құны әр шаршы метріне 20 мың теңгеден келеді», дейді олар.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

 

Хабар 24 телеарнасы