386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қаласының тәжірибесі негізінде «Смарт сити» жобасын ел бойынша енгізу көзделді

  • 642
  • UPD: 18:46, 10.01.2018

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Астана тәжірибесі негізінде «Смарт cити» стандарттарын қалыптастыру керек деді.

Биыл бас қаламыздың 20 жылдығы. Сондықтан оны Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосу - маңызды міндет делінген Президент Жолдауында. Елбасы атап өткендей инвесторлар жұмыс істеуге қолайлы, халқының өмір сүру деңгейі жоғары ел мен қаланы таңдайды. Ендеше «Смарт сити» жобасы экономика драйверіне айналар түрі бар.

Талғат Балқияев, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы: 

- Бұл жобаны халықтың қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Жаңа бастамаға жастар дайын. Олардың билікпен виртуалды қарым-қатынас жасауына барлық жағдай жасалған. Ал үлкендер жағы билікпен онлайн байланысуды үйренуі керек. Бұл бағытта қазір Астананың әр тұрғыны «Астана-Смарт» бағдарламасын жүктеп, арыз-шағымын қалдыра алады. Қазақстанның өзге қалалары да «Смарт сити» жобасына үлкен дайындықпен келу керек.

Хабар 24 телеарнасы