387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының қоғамдық кеңесінде заң қызметіне қолжетімділік мәселесі талқыланды

  • 462
  • UPD: 23:34, 10.01.2018

Сенат және Мәжіліс депутаттары Алматының қоғамдық кеңесінде болып, мектеп, коммуналдық тарифтер, заң қызметтеріне қолжетімділік пен полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру жайын талқылады.

Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстың атқарылып жатқанын айтты. Мысалы, Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы заң жобасы сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен талқыланып жатыр. Жаңа оқулықтар мен мектеп бағдарламаларының кемшін тұстары да бақылауда. Бұған қоса сенатор Бақытжан Жұмағұлов бағдарламаға өзгеріс енгізуде асығыстықтың керегі жоқ екенін, сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мұғалімдердің ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән берілген. Біз күзде парламенттік тыңдаулар өткізіп мектепке дейінгі білім беруден бастап, орта білім беру, колледж мәселесіне дейін талқыладық. 29.39 Менің білуімше Мәжіліс оқулық мәселесін бірнеше рет көтерді. Депутаттар біздің оқулықтардың сапасына алаңдаулы. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғаса береді.

Ал коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты айтар болсақ, депутаттар қызмет көрсетуші компаниялар бұл қаржыны модернизациялауға жұмсайтынына сенімді. 

Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жеке және заңды тұлғалардан коммуналдық-шаруашылық қызмет үшін жиналатын қаржы нақты кешенді жаңғыртуға жұмсалуы тиіс. Елбасы жолдауында энерго жүйелерін  модернизациялау жөнінде айтты. Бұл міндетті жүзеге асыру арқылы барлық өндірісті заман талабына сай жаңартуға болады.Менің ойымша,бағаның көтерілуі өндірісті сандық жүйеге аудару және жаңғыртуға  мүмкіндік беретін болса, келешекте тариф  төмендеуі де мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы