383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы балалар шығармашылық академиясы жаңа жобаларды іске асырады

  • 915
  • UPD: 09:32, 16.01.2018
Ақтөбе облысындағы балалар шығармашылық академиясы жаңа жобаларды іске асырады

Жолдауда айтылған жастарды ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға тиімді кірістіру мәселесі Ақтөбе облысында да қарқынды түрде қолға алынды. Аймақта ашылған балалар шығармашылық академиясы осы бағытта бірнеше жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Диас робототехника үйірмесіне қатысып жүр. «Баланың қызығушылығын көріп, әдейі осы үйірмені таңдадық» дейді анасы Лаура. Балалар мұнда роботтың неше түрін жасайды. Көбі соңғы үлгідегі заманауи бағдарламалармен жасалған. Әрқайсының өз міндеті бар. Шығармашылық академиясындағы оқушылар көп келетін үйірменің бірі осы. 100-ден астам жеткіншек робототехниканың қыр-сырын меңгеріп жүр. Үйірмеде 3 Д принтері бар. 

Лаура Қайырходжаева, Диастың анасы:

- Кішкентай кезінен 3 жасынан бастап, неше түрлі құрастыруды, конструкторларды құрастырудан өзі зерек, жақсы көрді. ойладым, баланы әрі қарай жетілдіру керек, дамыту керек деп, өзім осы работотехника үйірмесіне беру керек деп ұйғардым. Келіп әкелдім. Балама өте ұнайды, сабақтан қалмауға тырысамыз.

Шығармашылық академиясын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірдегі табиғатты пайдаланушы ірі компания салып берді. Жобаны іске асыруға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген. Қазір мұнда 36 үйірме жұмыс істеп тұр. Барлық зертханалар заман талабына сай жабдықталған.

Нұрсәт Жаңажанов, үйірме қатысушысы:

- Басында қағаз ұшақ жасап жүрдім. Маған ұшақ жасаған ұнайды. Інім екеуміз осы үйірмеге қатысып жүрміз. Менің болашақтағы арманым-үлкен ұшақ жасап, аспанға ұшыру. Менің ұшағым арнайы қондырғының көмегімен ұшатын болады. Мүмкін өскенде өзім ұшқыш болармын.

Жақында мұнда планетарий ашылды. Оқушылар аспан әлемімен танысып, ғарышқа саяхат жасайды. Ал обсерваторияда телескоппен жұлдыздарды көре алады. Балалар болашақта 3Д форматында ғарыш туралы фильм түсіруді жоспарлайды. Ол үшін қажетті қондырғылардың бәрі бар.

Жігер Ұбаев, астрономия үйірмесінің лекторы:

- Планетарий 64 оқушыға арналған. Планетарий ерекшелігі күмбезді экран арқылы арнайы түсірілген бейнекөріністерді тамашалай алады. Отыратын орындықтары қазіргі заманға сай жабдықталып жасалған. Аспан әлемінің барлық мына жұлдызды қыр-сырымен танысуға, күнделікті сабақтарынан басқа қосымша мәліметтер алуға өте пайдалы деп ойлаймын.

Шығармашылық академиясындағы үйірмелерге 4 мыңға жуық оқушы қатысады. Болашақта үйірмелер санын арттыру жоспарда. Елбасы Жолдауында айтқан балалар технопарктері мен бизнес инкубаторлар желісін құру мүмкіндігі мол. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы