389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы екі жылда елімізде 476 нысан сауда-саттыққа шығарылды

  • 452
  • UPD: 18:43, 16.01.2018

Елімізде сауда-саттыққа шығарылған 467 нысанның 367-сі 164 миллиард теңгеге жекеменшікке берілді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Жалпы жекешелендіру жоспары 2016-2020 жылдар аралығын қамтиды. Ауқымды міндеттің басым бөлігі орындалған. Мәселен, өткен жылы 500-ге жуық нысан сауда-саттыққа шығарылса, оның 190-ы жеке меншікке берілген. Сондай-ақ қайта құрылымдалып немесе толық таратылған кәсіпорындар да бар. Сала басшысының айтуынша, кешенді науқанға деген қызығушылық едәуір артқан. Бұған сауда-саттыққа қатысушылар санының 12 пайызға ұлғаюы себеп. Дегенмен Бақытжан Сағынтаев ұлттық компания активтері мен мемлекеттік басқа да мекемелерді жекешелендіру жұмысын қарқынды түрде жүргізуді тапсырды. «Кестеден кешіккендер қатаң сөгіс алады», – деді Үкімет басшысы.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

– Екі жыл ішінде кешенді жоспардың 476 объектісі сауда-саттыққа шығарылып, 164 млрд теңге сомаға 367-сі сатылды. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 255 объекті қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. Жалпы жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 71% құрайды.

Хабар 24 телеарнасы