383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде оқушыларды смартфон арқылы бағалау жүйесі енгізіледі

  • 644
  • UPD: 21:36, 16.01.2018

Жуырда жергілікті мектептерде оқушыларды смартфон арқылы бағалау жүйесі енгізілмек.

Қазір ол үшін арнайы қосымша да дайындалып жатыр. Жоба сәтті аяғына жетсе, тың тәжірибе көктем айында қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында министрдің орынбасарлары Асхат Аймағамбетов пен Бибігүл Асылова мұғалімдердің жалақысын өсіру мәселесіне де тоқталды. Олардың айтуынша, осы мақсатта биыл мемлекеттік бюджеттен 67 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2019 жылға дейін 13 мың мұғалім ағылшын тілін үйрену курсынан өтеді. Ата-аналардың өтініші бойынша кей пәндерден оқушылардың тапсырмасы да азайтылады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Мектеп жасындағы балаларды ерте жастан дамыту бойынша біздің алдымызға үлкен міндет қойылып отыр. Бұл – көптен бері көтеріліп жүрген сұрақтың бірі. Бұл мәселе бойынша біз тиісті оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізуіміз керек. Және де ерте оқу, ерте жазу, жан-жақты дамыту бойынша талаптарды күшейтеміз. Мұғалімдердің санаттарын арттырып, біліктілігін арттыруға жұмыс жасауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы