376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 52 жолаушысы қаза тапқан автобус жүргізушілері қамауға алынды

  • 725
  • UPD: 00:06, 26.01.2018

Ақтөбе облысында 52 жолаушысы ажал құшқан автобустың жүргізушілері қамауға алынды. Олар «Өзбекстан азаматтарының қазасына  қатысы болуы мүмкін» деген күдікпен тұтқындалды.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасы хабарлады. Тергеу барысында жүргізушілердің автобус салонында жылыту шамын қолданғаны және автокөлік құралын пайдалану ережесін елемей, өрт қауіпсіздігін бұзғаны анықталды. Қылмыстық іс Бас прокуратураның және еліміздің Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Айта кетейік, осыдан апта бұрын «Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда «Икарус» маркалы автобустан өрт шықты. Салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Сондай-ақ апаттың мән-жайын тексеру мен қаза болғандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы үкіметтік ведомствоаралық комиссия құрылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы