389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы басылымда Қазақстан туралы мақала жарық көрді

  • 930
  • UPD: 23:27, 28.01.2018

Қазақстанның көп векторлы дипломатиясы, қарусыздандыру және таратпау үшін пайдалы. Осындай атаумен мақала «Корея Херальд» газетінде жарық көрді.

Бұл 1953 жылдан бастап, ағылшын тілінде күн сайын шығатын басылым. Мақаланың авторы Джоэл Лидің айтуынша, республикамыз Орталық Азиядағы ең дамыған ел және оның көпвекторлы саясаты әлемде жақсы танымал. Журналист Қазақстан халықаралық қақтығыстарда адал делдал ролін атқарғанын атап өтті. Бұл Иранның ядролық мәселесі, ресей-түрік қақтығысы, Украинаның шығысындағы дағдарыс және Сириядағы соғыс. Сондықтан Джоэл Лидің айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстары тыңдалуы керек.

Джоэл Ли, Korea Herald газетінің тілшісі: 

- Бүкіл халықаралық қоғамдастық Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тартуын талап етеді. Бірақ мұндай істің үлгісі болып табылатын елдер жоқ. Ал Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, Оңтүстік Корея сияқты жылдам экономикалық өсімге қол жеткізді. Сондықтан менің ойымша, Президенттің ұсыныстары өте уақтылы және Солтүстік Кореяға жақсы мысал бола алады, өйткені жағдай шынымен де бақылаудан шықты.

Хабар 24 телеарнасы