389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-ға «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі келді

  • 793
  • UPD: 21:09, 15.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы көшпелі қор көрмесін алып келді.

Шаһардағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көрмеге 8 мыңнан аса экспонат қойылған. Қалың көпшіліктің назарына Мемлекет басшысының жеке мұрағаты мен кітапханасынан музей қорларынан таңдаулы дүниелер ұсынылып отыр. Бұл көшпелі жоба өткен жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Ол кезде көрмеге келушілер саны 75 мыңнан асқан. Ал Шымкент қаласында көрме 3 айдан аса уақыт бойы өңір тұрғындарына қызмет көрсетеді. Көшпелі жоба аясында халықаралық ғылыми конференция, аймақтық кәсіби сессиялар экскурсиялар өтеді деп жоспарлануда.

Махмұд Қасымбеков, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ-нің директоры:

- Бұл көрменің құрамында өте сирек кездесетін экспонаттар бар. Өнердің әртүрлі туындылары бар. Олардың барлығын Елбасымызға кезінде шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары сыйлыққа тартқан болатын. Және ең бір құндылығы, Елбасымыз өзі қол қойған тарихи құжаттар бар.

Хабар 24 телеарнасы