384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда 100 шағын және орта бизнес нысаны ашылады

  • 976
  • UPD: 19:45, 21.02.2018

Алматы облысы 2020 жылға қарай өндіріс өнімдерінің көлемін 1 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов тұрғындарға есеп беру кезінде айтты. Тағы бір жаңалық, өңірде сүт өндіру мен картоп өсіру қайта жанданады. Бұлардан басқа «100 жаңа кәсіпорын» аймақтық бағдарламасы іске қосылып, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Алматы облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі бойынша республикада ең алдыңғы қатарда. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,3 пайызға өсіп, 648 миллиард теңгені құрады. Жүгері, картоп, бақша өнімдерін өсіруге басымдық берілуде. Сүт бағытындағы малды көбейту үшін енді 350 отбасылық тауарлы-сүт фермасы құрылады. Ауылшаруашылық дақылдарының алқаптары 16 мың гектарға ұлғайды.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Қант қызылшасының көлемі 9,2 мың гектардан асып, 334 мың тонна қызылша жиналып, 31 мың тонна құмшекер өндірілді.

Жетісу жұртшылығын көгілдір отынмен жабдықтау мәселесі күн тәртібіндегі өзекті іске айналды. Өңір басшысының айтуынша, оны көпке созбай, халыққа тезірек ыңғайлы жағдай туғызудың қам-қаракеттері жасалып жатыр.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Облыс бойынша газбен жабдықтау деңгейі 26,2 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстары 11 ауданда жүргізілуде. Алматы-Талдықорған магистральды газ құбырының жұмысы аяқталды.

Өңір басшысының тағы бір қадап айтқаны – өндіріспен айналысуды мақсат еткен кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Ол үшін биыл облыста «100 жаңа кәсіпорын» аймақтық бағдарламасы басталады. Яғни үстіміздегі жылы 100 шағын және орта бизнес нысандарын ашу көзделуде. Ол 12 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылы облыс экономикасы 2,5 пайызға өсті. Жалпы, ілгерілеу үрдістері барлық көрсеткіштер бойынша байқалып отыр. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеден асқан. 2020 жылға қарай ол 1 миллиард теңгеге жететін болады.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы