380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады

  • 562
  • UPD: 17:36, 22.02.2018
Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады

Астанада жыл соңына дейін 73 реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елжан Чупеков хабарлады.

«Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көше-жол желісін тексеру авариялық-қауіпті учаскелерін анықтау мақсатында жол-көлік оқиғаларына талдау, тексеру іс-шараларын жүргізді. Жағдайды зерттеп, қала басшылығы мен Астана қаласы ІІД-ні бұрын реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағына 73 бағдаршам қою бойынша үлкен бағдарламаны қолға алды», – деді Е. Чупеков.

Оның айтуынша, бағдаршамдардан бөлек, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жарықтандыру болады, қоршаулар метражы ұлғаяды, сондай-ақ жаяу жүргінші мен көлік ағындары бөлінген болады.

«Бұл жұмыс осы жылы аяқталады. Менің ойынша бұл жолдағы қақтығыстарды айтарлықтай азайтуы тиіс», – деді Е.Чупеков

Сонымен қатар қазіргі таңда көлік ағынының кедергісіз жүруін жақсарту үшін 43 оңжаққа бұрылу жолы жобалануда.

Елжан Чупеков осы жылы Астана қаласының сол жағалауында қандай көшелер бір бағытты болатынын айтты.

Оның айтуынша, сол жағалаудағы Ақмешіт, Түркістан, Қонаев, Достық көшелерінде бір жақты жол қозғалысын енгізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы