382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында су тасу қаупіне байланысты ТЖК күшейтілген жұмыс режиміне көшті

  • 721
  • UPD: 19:40, 25.02.2018

Алматы облысында аймақты су басу қаупіне байланысты төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Оған таулы аудандарда күннің жылынып, қардың еруі себеп болды. Оның үстіне арық жүйелерінің кей жерлерде бітеліп қалуы да жағдайды біраз ушықтырып тұр.

Қазірдің өзінде құрылыс талаптарының сақталмауынан 20 шақты жеке тұрғын үй маңы мен 66 аула аумағын су басқан. Сондай-ақ 407,5 текше метр су сорылып алынды. Мұндай жағдайлар әсіресе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласында байқалады. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы