386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕЭО-ға мүше мемлекеттің азаматтары жұмыс істеп жүрген елінде зейнетақы алуы мүмкін

  • 761
  • UPD: 14:07, 28.02.2018

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары жұмыс істеп жүрген елінде зейнетақы алуы мүмкін.

Енді осы елдердің өкілдері ортақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы тиісті келісімнің кейбір тұстарын талқылауы тиіс. Бұл – Қырғызстан үшін аса өзекті мәселелердің бірі. Өйткені кейбір мәлімет бойынша, бүгінде миллионнан астам қырғыз азаматы осы одаққа мүше елдерде нәпақа табудың қамымен жүр.

Таалай Акматалиев соңғы бірнеше жыл бойы Ресейде құрылыста істеген. Ай сайын шамамен 40 мың рубль тауып отырыпты. Алайда отбасы жағдайына байланысты отаны – Қырғызстанға оралуға тура келді. Енді ол Ресейде жұмыс істеген бірнеше жыл еңбек өтіліне кіре ме, жоқ па деген сұраққа қатысты бас қатырып жүр. Өйткені мұның бәрі болашақта зейнетақысына әсер ететіні түсінікті.

Таалай Акматалиев, еңбек мигранты:

– Заңды түрде жұмыс істеген дұрыс қой. Әлеуметтік қорға ақша аударылып отырады. Емін-еркін жүре аласыз.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді соңғы 2 жыл бойы талқылап келеді. Өйткені әрқайсысында төлемдерді есептеу жүйесі мен зейнетақы жасына қатысты ерекшеліктер бар. Осыған байланысты келіспеушілік те туындаған.

Тамара Ибраимова, ҚР әлеуметтік қоры төрағасының кеңесшісі:

– Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін сақтандыру төлемдерін аударып отырады. Бұл келісімнің арқасында одаққа мүше мемлекет азаматтарының отанындағы және жұмыс істеп жүрген еліндегі еңбек өтілі бірдей ескеріледі.

Қырғызстандағы зейнетақы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ішіндегі ең төмені саналады. Бұл – шамамен 80 доллар. Енді ортақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қабылданса, жергілікті жұрттың одаққа мүше өзге елдерде жұмыс істеуге деген ынтасы да арта түседі деген болжам бар.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы