376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да зорлық көрсетілді деген оқушыға қатысты жайтты сараптама анықтайды

  • 988
  • UPD: 10:09, 15.03.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы мектеп оқушысына қатысты келеңсіз жағдайды алдағы сараптама қорытындысы анықтайды.

Бұл туралы өңірдегі білім басқармасының басшылары  мәлімдеді. Оқиға Абай ауылында болған. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №73 мектептің бастауыш сынып оқушысына өзге мектептің жоғары сынып балалары әлімжеттік көрсеткен. Бұл туралы полицияға жапа шегуші жасөспірімнің әжесі шағымданған. Қазір бұл іс облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының бақылауында тұр. Егер сот жәбірленуші оқушының денсаулығына зиян келген деп тапса, Сарыағаш аудандық білім бөлімі басшысы өз еркімен жұмыстан кетуге әзір екендігін де жеткізді.

Бауыржан Майрыхов, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Егер осы бала шынында да зорланды десе, мен отставкаға кетемін. Сараптама қорытындысында дәлелін тапты дейтін болса, міндетті түрде істеген оқушы да, оны тәрбиелеп отырған мұғалімдер де – барлығы жазасыз қалмайтын еді.

Хабар 24 телеарнасы