384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы Жаңатас «ақылды» қалаға айналады

  • 1205
  • UPD: 10:31, 20.03.2018

Жаңа бас жоспарға сай шаһар тұрғындарының тұрмысын мейлінше жеңілдету көзделіп отыр.

Ол үшін алдымен әбден ескірген темір жол және автобекет ғимараттары қайта салынады. Қос нысан заманауи құрал-жабдықпен жарақталады. Сондай-ақ қалада «Жастар сарайы» пайда болады. Ол жерде оқушылар мен студенттерге қажет ақпаратын алуға барлық мүмкіндік жасалады. Смарт-технологияларды енгізу жұмысы қалада басталып кетті. Қазір көшелердегі аялдамаларда  ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінген. Ондағы бүкіл мәліметті оңай ұялы телефонға жүктеп, танысуға болады. 

Берген Омарбеков, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары:

- Көше бойында жарық шамдары, көшелер, үйлерге кіре берістегі жолдардың барлығы «Ақылды қала» бойынша өзгертіледі. Алдағы уақытта істейтін жұмыстарымыз 4,5-мөлтек ауданындағы инфрақұрылым дамыту арқылы өзгертіледі.

Хабар 24 телеарнасы