385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Роболэнд-2018» фестиваліне 800-ге жуық команда қатысты

  • 1108
  • UPD: 11:37, 31.03.2018

Қарағанды қаласында «Роболэнд-2018» төртінші халықаралық робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі болып өтті.

Оған елімізден және шет елдерден келген 800-ге жуық команда қатысты. Биылғы сайысқа мектепке дейінгі жастағы балалар да қатысу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар номинациялардың саны 32-ге дейін ұлғайды.

Соня атты робот – Ресейдің Томск қаласынан келген оқушылардың қолөнері. Механикалық қыз акробатикалық этюдтер орындайды. Бұл робот бүгінгі халықаралық фестивальдің сәніне айналды.

Владислав Жарчинский, фестивальге қатысушы /Томск/:

- Робототехникада өзіміздің деңгейімізді жоғарылатуға ұмтылып жатырмыз. Мысалы, роботты басқаратын тетіктерді ойлап тауып, қосымша бөлшектерін құраймыз. Бұл робот тек билеп қана қоймай, көп сайыстарға да қатысатын болады. Қазір осы мүмкіншіліктер бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

Фестивальде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Польшадан келген 2 мыңға жуық қатысушының әрқайсысы өз өнертабыстарын таныстырып, оның мүмкіндіктерін көрсетті. Ал ұйымдастырушалыр бұл дәстүрлі фестиваль өңірде робототехниканың дамуына септігін тигізеді дейді.

Есбол Әрінов, ұйымдастырушы:

- Бізде биылғы жылы жаңадан ВЕКС жиынтықтары келіп отыр және де МОУС роботы бар. Ол жерде балабақшадан келген балалар қатыса алатын болады. Және де біз биыл гуманоид роботтарын алып жатырмыз. Олар бүгін би билеп, жарыстарға қатысатын болады.

Айта кету керек, «Роболэнд» жобасы келесі жылдары да жалғасын табады. Қарағанды облысы робототехника бойынша елімізде көш бастап тұр.  Жалпы қазірдің өзінде аймақтағы 188 мектепте робототехника сыныптары ашылып, 200 мұғалім арнайы курстан өткен. Ал жыл соңына дейін қалған 467 мектептің барлығында роботтық зертханалар ашу жоспарланып отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы