386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда балаларға арналған жаңа кешен пайда болады

  • 552
  • UPD: 11:33, 08.04.2018
Бурабайда балаларға арналған жаңа кешен пайда болады

Щучье-Бурабай курортты аймағында жақында «Бурабайленд» балалар ойын-сауық орталығы салынады.

Бұл нысан қазіргі «Қазақстандық Лапландия» аумағынан бой көтермек. Ондағы мақсат – аталған ойын-сауық кешенінің жыл бойы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету. Four Seasons бағдарламасымен жүзеге асатын жобаға қанша қаржы кететіні және кешеннің сыйымдылығы қандай болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен мамандар ойын-сауық нысаны кішкентай туристердің көңілінен шығатыны сөзсіз дейді. Осылайша биылдан бастап «Қазақстандық Лапландия» атауы «Бурабайленд» деп өзгертіледі. Ал бұдан бөлек қазір Бурабайда қосымша 30 шақты туристік бағыт әзірленіп жатыр.

Азамат Баймұқанов, бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі:

– «Бурабайленд» атауы әйгілі «Диснейлендке» ұқсас болғандықтан, жұртшылық дәл сондай аса ірі ойын-сауық-кешені салынады екен, Азияда теңдесі жоқ екен деп айтып жүр. Бірақ бұл – жаңсақ пікір. «Бурабайлендте» балаларға қажетті барлық ойын жабдықтары болады. Барынша қызықты қылуға тырысамыз. Алайда оны «Диснейлендпен» шатастыруға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы