382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EXPO-2020 көрмесінде еліміз ең үлкен павильондардың бірін тұрғызады

  • 512
  • UPD: 11:51, 10.04.2018

2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесінде Қазақстан ең ірі павильондардың бірін салмақ.

Ол үшін үш жарым мыңға жуық текше метр жер бөлініпті. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама-Шарифтің отандық басылымдарға шыққан мақаласында айтылған. Біздің павильонның қасында Монако, Швейцария, Люксембург пен Әмірліктер өз жетістіктерін паш етеді.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін Дубайдағы ЭКСПО-ға 150 мемлекет қызығушылық танытса, оның 38-ібұл шараға қатысатынын ресми растады. Бұл жолғы тақырып: «Болашақ үшін сана-сезімді  біріктіру».

Хабар 24 телеарнасы