365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ҚХА-ның XXVI сессиясына орайластырылған фотокөрме өтті

  • 254
  • UPD: 07:41, 29.04.2018

Астана – Ұлы дала інжу-маржаны. Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясына орай осындай атаумен алғаш рет фотокөрме өтті.

Астананың бірегей сәулет туындылары топтасқан көрмеге 40-қа жуық картина қойылған. Олардың ішінде әлем жұртын таңдай қақтырған мәдениет нысандары бар. Мәселен, Астананың басты бренді «Бәйтерек» монументі, Президент сарайларының ТОП ондығына кіретін Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақ Орданың» тамаша келбетін көруге болады. Сондай-ақ еліміздің абыройын төрткүл дүниеге асқақтатқан «Астана ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесінің басты символы «Нұр Әлем» нысанының таңдай қақтырар сәулеті де көпті тәнті етті. Сессия қонақтарына Тұңғыш Президент Қорының бастамасымен елорданың 20 жылдығына арналған A day in Astana фотоальбомы ұсынылды.

Мохаббат Миражапова, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы (Жамбыл облысы):

– Ассамблеямыз біздің бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып, бәріміз Ассамблеяның шаңырағының астында бір әулеттің баласы, қызы деп ойлаймын.

Сеит Бабалиев, Қырым татарлары мәдени орталығының төрағасы (Алматы облысы):

Басқа мемлекеттерде сондай Ассамблея жоқ. Тек Қазақстанда ғана бар. Президентімізге рақмет. Бәріміз жұмыс істейміз. Біздің Қазақстанымыз өркендей берсін!

Осы категория бойынша: « «Құқықтық тәртіп» ЖАІ: Астанада 3 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды АҚШ-тағы қазақ диаспорасы америкалықтарға мәдениетімізді паш етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы