389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Заман таспасы» жобасы жүзеге асты

  • 1242
  • UPD: 22:35, 04.05.2018

Жоба бойынша 25 ескерткішке QR код орнатылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары тарихи тұлғалар туралы ақпаратты ұялы телефон арқылы біле алады.

Жалпы өңірде «Рухани жаңғыру» аясында тағы қандай шаруалар атқарылды?

Қазақтың қос қаһарманы - Қарасай мен Ағынтай батырларының ескерткіші. Енді тарихи тұлғалар туралы толық ақпаратты ұялы телефон арқылы білуге болады. Ол үшін QR кодты түсіріп алу керек.

Жанат Баймүсенов, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы:

- Бұл QR код арқылы түгел ақпарат ала аламыз. Кім қойды осы ескерткішті, қашан қойды, жылы және ескерткіш туралы ақпарат. Осындай QR кодтар қазір біздің қаламызда 25 мүсінде орналасқан.

Солтүстік Қазақстан облысында 19 тарихи – мәдени орын бар. Оның ішіндегі Ботай қонысы, Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешені, Қожаберген жырау кесенесі, Құлсары батыр мазары «Қазақстанның киелі жерлері» картасына еніп отыр.

Жанар Таласпаева, «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі:

- Киелі нысандарды біз анықтадық, белгіледік. Бұдан кейін атқаратын шаруаларымыз қандай деген сұрақ туады алдымызда. Әрине бұл 19 нысанмен аяқталып қалмайды. Тағы да 13 нысан бүгінгі күні өңірлік комииссияның қарауына ұсынылғалы отыр. Одан соң ол республикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Бұдан кейін де киелі жерлерді анықтау, табу, зерттеу жұмыстары жалғаса түсетіні белгілі. 

«Рухани жаңғырудың» тағы бір бағдарламасы «Атамекен». Ол бойынша биыл облыста 54 жоба жүзеге жүзеге асады. Атап айтсақ, елді мекендерде кәсіпкерлердің көмегімен тұрғын үй, медициналық бекет, мұражай секілді әлеуметтік нысандар салынады.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы