384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік мейірбикелерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды

  • 643
  • UPD: 11:56, 06.05.2018
Семейлік мейірбикелерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды

Семейлік мейірбикелер астаналық әріптестерінің озық тәж3рибесінен тәлім алды.

Шараны ұйымдастырушы – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы. Шетелдің дамыған клиникаларында білімін жетілдіріп келген орта буын мамандарының медициналық қызметке көзқарастары мүлдем жаңаша. Мәселен, мейірбике тек дәрігердің айтқанын ғана орындамай, дербес шешім қабылдай алуы тиіс. Болашақта Семейдегі медициналық колледж студенттерін Астанадағы ұлттық орталықта арнайы тағылымдамадан өткізу де жоспарланып отыр.

Тілеуберді Құттыбай, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының маманы:

- 2018 жылдан бастап бізде жаңа бағдарлама болып тұр. Көкшетау қаласына барып қайттық бір ай бұрын. Осыдан ары қарай бүкіл қалаларды жүріп өтеміз, осындай конференция жасап, өзіміздің меңгерген жұмысымызбен бөлісіп жатырмыз. Қазір «Трансмедикс» деген аппарат бар. Біз 6 жыл болды жүрек ауыстырумен айналысып жүргенімізге. Сол аппарат арқылы адамның органдарын транспортировкамен әкеліп жатырмыз.

Саят Таңатаров, Дүйсенбі Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің директоры:

- Келешекте мейірбикені мейірбике үйрету керек. Өйткені мейірбике жұмысын мейірбикедей ешкім білмейді. Сондықтан бұл кісілер шетелде оқып келген. Ұлттық кардиохирургия орталығы өте үлкен дәрежедегі орталық. Сондықтан бүгінгі келген біздің әріптестер өте үлкен білім береді деп ойлаймын және мұнда жалғыз мейірбикелер отырған жоқ, биылғы бітіретін түлектеріміз отыр. Олар жаңа дәріс естігеннен кейін өздеріне үлкен нәтижелі білім алып шығады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы