383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы әскерилердің өнер сайысында жеңімпаздарға ақшалай сыйлық тапсырылды

  • 592
  • UPD: 13:20, 08.05.2018

Ақтаулық шекарашылар «Сарбаздар ән салғанда» қалалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

Ерекше өнер сайысына биыл қала гарнизонына қарайтын 8 әскери құрылымның жеке құрамы қатысты. «Астана» алаңында шекара күзеті, әскери теңізшілер, әуе қорғаныс күштері, құрлық әскері мен ұлттық гвардия жасақтары сапта жүріп, ән шырқады. Әсіресе керней тартып, қызметтік иттерді жетектеген шекарашылар өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Мерекелік сахнаға жасыл ту ұстап шыққан жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сыйлық тапсырылды. Дәстүрлі шара мақсаты жауынгерлердің жігерін жанып, Отан алдындағы борышын адал өтеулеріне ықпал етуге бағытталған.

Ғамзат Байбосынов, ҚР ҰҚК ШҚ теңіз оқу орталығы бастығының орынбасары:

- Сапта жүріп ән салу байқауына жыл сайын қатысып келеміз. Әр сайыс алдындағы дайындыққа бір айдан аса уақыт жұмсалады. Бұрынғы шырқаған әндерді қайталамай, ерекшелік енгізу біз үшін дәстүрге айналған. Қызметтік иттерді жетектеген кинологтар осы байқауға бірінші рет қатысып отыр. Өнеріміздің көпшілік көңілінен шыққанына ризамыз. Әріптестерімді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы