375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 9 жастағы бала жоғалып кетті

  • 573
Астанада 9 жастағы бала жоғалып кетті

Астана полицейлері жоғалған 9 жасар баланы іздеп жатыр.

«10 мамырда сағат 12:10 кезінде «Алатау» спорт кешенінен 9 жасар бала шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Оның есімі – Мейіржан. Бала үстіне мектеп формасы мен көк түсті жеңсіз күртеше киген. Басында «Реал Мадрид» деген жазуы бар көк бейсболка. Сонымен қатар арқасына көк түсті рюкзак асынып алған», – делінген Мейіржанның ата-анасы таратқан мәліметте. Астана ІІД баспасөз қызметі жоғалған баланың ата-анасы полиция көмегіне жүгінгенін хабарлады. «Жеткіншектің ата-анасы полицияға сағат 12:50 кезінде хабарлады. Полицейлер баланың жүрген жерін анықтау бойынша іздеу шараларына жұмылдырылды», – делінген ІІД хабарламасында.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы