386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

  • 403
  • UPD: 07:55, 11.05.2018
СҚО-да ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Солтүстікқазақстандық соғыс ардагерлері де елдің ыстық ықыласына бөленді.

Бүгінде облыста 111 қарт майдангер тұрады. Өкінішке қарай, көбі төсек тартып қалған. Мәселен, Петропавлдағы салтанатты шараға 18 ардагер қатысты. Отан үшін от кешкен оларды көпшілік құрметпен қарсы алып, құшақ-құшақ гүл сыйлады. Театр алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қан майданның көріністері қойылды. Ұлы Жеңісті қарсы алуға тылда тынбай тер төккен еңбек ардагерлері де сүбелі үлес қосты. Мереке күні олар да зор қошеметке бөленді.

Хайырке Бәйкенов, тыл ардагері:

- Жерді өгізбен жырттық. Қолмен қапшықты байлап алып егін септік. Қыз-келіншек, кәрі кісілер болды. Солармен бірге жұмыс істедік. Бала кез. Жас болдық. Әке мен ағам әскерге кетті. Аш болдық. Жалаңаш болдық. Аяқта жыртық етік. Сонымен жүрдік.

Хабар 24 телеарнасы