380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс төрағасы Грузияның вице премьер-министрімен кездесті

  • 492
  • UPD: 18:02, 16.05.2018
Мәжіліс төрағасы Грузияның вице премьер-министрімен кездесті parlam.kz

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Грузияның вице Премьер-министрі, Сыртқы Істер министрі Михеил Джанелидземен кездесті.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың, соның ішінде сауда-экономкалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық байланысты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады. Халықаралық ынтымақтастық төңірегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жағдайларды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға айрықша назар аударатынын алға тарта келіп, Мәжіліс Спикері біздің мемлекеттеріміздің осы саладағы ұстанымдарының өте жақын екенін еске салды. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік жүйесін құру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды. Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Грузиямен жан-жақты әріптестікті нығайтуға ерекше мән береді.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттарда өзара сыйластық пен сенім негізінде арадағы ықпалдастық тереңдей түсті. Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы тұрақтылық пен таңданаралық қарқынды дамуы тек аймақтағы елдер емес, әлем елдеріне үлгі екенін жеткізді. Жүздесу барысында парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға да зор көңіл бөлінді. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысын күшейтуге назар аударды. Айта кетейік, биылғы жылы, қазан айында Грузияда маңызды саяси науқан –Президент сайлауы өтеді.

Хабар 24 телеарнасы