378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразиялық медиа форумда мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенім талқыға түседі

  • 703
  • UPD: 12:17, 23.05.2018
Еуразиялық медиа форумда мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенім талқыға түседі

Қазіргі азаматтық қоғамды не алаңдатады? Мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы сенімді қалай нығайту керек.

Технологиялардың адам қауіпсіздігін сақтаудағы ролі қандай? Осы мәселелер Еуразиялық медиа форумда талқыға түседі. Сарапшылар халықтың мемлекеттік қызметке, әсіресе құқық қорғау саласына деген сенімі азайып кеткенін айтады. Бұл тығырықтан цифрландыру арқылы шығуға болады дейтіндер де бар. Алайда цифрландырудың ар жағында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Бұл ғаламдық мәселелер Алматыда өтетін форум сессиясында әңгіме арқауы болады. Әлемдік медианарықта көп оқылып, көп айтылатын мәселелер осы форум аясында талқыланбақ.

Сәуле Мектепбаева, құқық қорғаушы:

- Біз түрлі бағытта терең зерттеу жүргізе келіп, жалпы әлем бойынша халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі төмендегенін байқадық. Қазір халық билікке ғана емес, медиаға, тіпті бір-бірлеріне сенуден қалып барады. Бұл әлемдік үрдіс. Сарапшылар осы дағдарыстан шығу жолы цифрландыру дейді. Егер қызмет көрсету цифрлы жүйеге өтсе, күдіктену азаяды, жемқорлыққа тосқауыл болады. Сол арқылы сенім де артады. Біз форум сессиясында цифрландырудың халық пен билік арасындағы сенімге қаншалықты әсері бар екенін талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы