388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да мыңнан астам дуадақ құсы табиғат аясына жіберілді

  • 1549
  • UPD: 09:56, 25.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында құстардан сұлу саналатын мыңнан аса дуадақ табиғат аясына жіберілді.

Дала төсіне ұшырылған дуадақтың бұл түрі жиек деп аталады. Ен далада еркін қанат қаққан құстардың көбі Біріккен Араб Әмірлігінде өсірілген. Ал кейбіреулері  жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан. Бұл жұмыстар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірлесіп дуадақтарды көбейтуге, қорғауға бағытталған жобасы аясында жүзеге асып отыр. 

Бұл дуадақтың жек атты түрі Орта Азияда көптеп мекендейді. Соңғы уақытта Қазақстанға да жерсініп келеді. Ал Сауд Арабиясының тұқымбағында өсірілген бұл дуадақтар Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді.

Облыс аумағында ұшырылған құстардың барлығына арнайы белгі тағылып, қондырғылар орнатылған. Осының арқасында табиғат қорықшылары мен ғалымдар ғаламтор арқылы құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Мамандар  адам қолында өскен дала құсының оңтүстіктің  табиғатына да тез сіңісіп, қысқа дейін жылы жаққа ұшып кететініне сенімді.

Нұрлан Әбдіраманов, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК қорық аумақтарын қорғау қызметінің жетекшісі: 

- Қорықты қорғау қызметінің мамандары аумақты күн сайын бақылауында ұстайды. Құстардың орнын анықтайды. Біздің мақсат дуадақ аулайтын броконерьлермен күресу ғана емес, олардың алдын алу, жолын кесу.Біз табиғат жанашырлары әуелі осы қағидаға берікпіз.

Қызыл кітапқа енген Дуадақтың 10 жыл көлемінде еліміздің барлық аймақтарына тұқымбақтан еркіндікке 11 мыңнан астамы жіберілген. Оның бірқатары араға жыл салып барып ұшырылған мекеніне қайта оралған. Табиғатқа жіберілген жас дуадақтардың 70 пайызы аман қалады. Ал тұқымбақта 90 пайызы өсіп жетіледі екен.

Сәкен Ділдахмет, АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Басты мақсатымыз біздің табиғатымыздағы осы жойылып бара жатқан құстың санын қалпына келтіру. Оны осы табиғатта орнықты сақтап, оны қорғау.

Мұнда дуадаққа бар жағдай бар. 895 гектар жер көлемін алып тұрған құс тұқымбағы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Жек дуадағына жем-су бекітілген тәртіппен беріліп отырады. Балапандар бір жасқа толғанша төрт-бесеуден бірге ұсталады. Одан кейін аналығы мен аталығы бөлек-бөлек бағылады. Аналықтары жылына бір мезгіл 3-4 жұмыртқа салады екен. Жалпы алғанда тұқымбақтағы құс басын 15 мыңға жеткізу межеде тұр. Ол үшін жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылуда.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы