389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды

  • 418
Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды skycrewfamily.ru

Алматыдағы менингококк инфекциясынан 1-курс студенті қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері растады. «Кеше таңертең 1-курс студенті келіп түсті. Кешке қарай менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмды», – деп хабарлады департамент басшыс Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды – екі ересек адам мен бір бала.

Менингококк инфекциясы – инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) және менингококтық сепсис.

Хабар 24 телеарнасы